Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
«Киіз үй кереметі»: ұлттық құндылықтарды дәріптеген шеберлік сыныбы

«Арт терапия басым бағытыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы МКҚК

«Киіз үй кереметі» шебер сынып

Мақсаты: Қазақ әдет – ғұрып мен салт – дәстүрі туралы балалардың білімін жетілдіру мақсатында бірнеше принциптерді ескеру маңызды.Бұл принциптер балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық қадір – қасиеттерді бағалай білуңне, сондай – ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Тәжірибелік бөлім

 Ұлттық құндылықтарды сіңіру, байыту мақсатында «шебер – сынып»  

  1. Қатысушылар музыка ырғағы бойынша билеп, музыка тоқтаған кезде, түрлі - түсті ұнаған бір киіз үйді алады.
  2. Киіз үй түстерімен қатысушылар 4 топқа бөлінеді.
  3. Әр топқа түрлі тапсырмалар жинақталған.

1 ТОП тапсырмасы «Асықтармен жұмыс». Жалпы асық ойыны – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі, ол тек көңіл көтеру құралы ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік және дамытушылық мәні зор дәстүрлі мұра. Мысалы бұл асық ойыны: Шыдамдылық пен табандылыққа – ойын барысында шеберлікті арттырып, жеңіске ұмтылуға үйретеді. Шапшаңдық пен дәлдікке – моторикасын дамытып, зейінін шоғырландыруға ықпал етеді.

Әділдікке және командалық жұмысқа – ойында ережелерді сақтау арқылы адалдыққа тәрбиелейді.Ұлттық мәдениетке деген құрметке – ата-бабадан қалған дәстүрді жалғастыруға тәрбиелейді.

2 ТОП тапсырмасы «ағаш-адам» деп аталады. Алдарыңыздағы дөңгелек ағаштарға ұлттық бұйымдарымыздың суретін әсемдеп салсаңыздар. Ал жанындағы ағаш мүсіндерге ұлттық киімнің бейнесін түсіру. Яғни бұл ұлттық әшекей-бұйымдарымыз, ұлттық киімдеріміз біздің нағыз қазақиылығымызды ерекшелейтін, орыны бөлек құндылығымыз болып табылады.

3 ТОП тапсырмасы «Қазақи көрініс» деп аталады. Ол үшін сіздерге берілген матаның үстіне түрлі-түсті жіптерді пайдалану арқылы «ұлттық құндылығымызды» бейнелейтін бір көрініс жасап шығару. Басты айта өтетіні ол киіз үйді кіріктіре отыра бейне немесе көрініс жасау. Мысалы:жіппен киіз үйдің шаңырағы мен керегесін, ұлттық аспаптарымызды, ою-өрнектерімізді, қазақ даласының символы бүркіт пен тауды пайдаланып жасасаныздар болады. Барлық шығармашылығымызды қосып, креативтілігімізді пайдаланып бір әдемі бейне жасау арқылы өз ұлтымызға, жерімізге деген махаббатымызды көрсетесіздер деп сенемін.

4 ТОП тапсырмасы «Ұлы дала рухы» деп аталады. Бұл тапсырмада сіздер өздеріңіз ұнатқан түрлі-түсті жіпті алып, алдарыңыздағы ағаш рамкаға өз қалауыңыз бойынша өрнек түсіресіздер. Дайын болған соң, жанағы рамкаларыңызға «Ұлы дала рухы» деп аталатын суреттер ішінен өзіңізге ұнаған 3 суретті алып қысқышпен іліп қоясыздар. Жасап болған соң сіздерге арнайы сұрақтар қойылады.

«Шебер сынып» мақсатына жету барысында, қазақ әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды құрметтеу және мақтанышпен қабылдау сезімін қалыптастыру ерекше маңызға ие. Интеллектуалды шығармашылық ойындар арқылы балаларды дәстүрлердің мәні мен маңызын түсінуге, оларды өмірлерінде қолдануға, және атадан балаға қалған мұраларды қадірлеуге тәрбиелеу тиімді болмақ.

Ойындар барысында балалар ұлттық байлығымызды танитын, оны өздеріне таныс әрі қызықты формада меңгеретін болады. Бүгінгі өткен шебер-сынып, ұлттық салт-дәстүрлерге деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар, осындай тәсілдер арқылы балалардың арасында топтастық, ынтымақтастық сезімі де нығая түседі.

Осылайша, жоба нәтижесінде балалардың білім деңгейін артып, ұлттық дәстүрлерге деген құрметтері тереңдейді. Балалар өздерінің мәдениетіне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастырып, ата-бабаларынан қалған мұраларды түсініп, оларды күнделікті өмірлерінде қолдана білуге үйренеді. Ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту жұмыстарының тиімділігі артып, еліміздің мәдени мұрасының ізгі жолын жалғастыруға үлкен үлес қосады.

https://www.instagram.com/reel/DFdMu5zMwmZ/?igsh=MTJpeGxhMjQ5YjYzOQ==