Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
Мектепке дейінгі мекеме туралы ақпараттық анықтама

 Мектепке дейінгі мекеме туралы ақпараттық анықтама

  1. Балабақша атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын.
  2. Мекен жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жангельдин көшесі 1
  3. Телефон: 87172/44-35-11, 87172/44-34-73 E-mail : Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Web-сайт: samyrik 45.testim.kz
  4. Меңгеруші: Кусаинова Алтынай Нурмагамбетовна

Астана қаласының Білім Басқармасының 10.11.2020 ж. № 964-ж/қ бұйрығы негізінде лауазымға бекітілді. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл, осы мекемеде 4ж.

  1. Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (Жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі 1-жиынтықта қоса берілді).
  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон-(1-жиынтықта)
  3. Салынғын жылы: 1973 ж.
  4. Пайдалануға берілген уақыты: 20 қазан 2010 жыл
  5. Тұрғын емес үй-жайдың ауданы: 2347,40.

10.Ғимараттың түрі: Типтік, екі қабатты ғимарат

11.Жобалық қуаты: 300 орын

  1. Балабақшада 13 топ бар, барлығы мемлекеттік тілде оқытылады. Перспективалық жоспары, циклограммалары оқу үлгілік бағдарламасы бойынша, талапқа сай жазылған. Балабақша «Арт-терапия басым бағытында»

жұмыс істейтін болғандықтан топ іштері заттық дамытушы орталарға бөлінген. Топ ішіндегі жиһаздар санитарлық талаптарға сай. Бала жасына қолайлы. Балабақша іші есіктен кіре әдемі безендірілген, көз тартарлық. Балабақшада барлық қабырғалары қолданыста екендігі бірден көрінеді, сондай-ақ балаларды тиімді оқытуға үлкен септігін тигізеді. Қырқүйек айында екінші ғимаратта аспан әлемінде сөйлейтің қабырғалар қолданысқа енгізілді.

  Балабақшада топтардан бөлек қосымша  кабинеттер жұмыс жасайды:  1.Робототехника

  1. Логика
  2. Логопед-дефектолог бөлмесі
  3. Кезекші топ

     Кабинет іштері жарық, таза, әдемі безендірілген және балалар жасына сәйкес құрылған. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталығы, кенес беру пункті  жұмыс жасауда. Жұмыс жасау барысында әдіскерлер, медбике, педагог-психологтар, логопед-дефектолактар тәрбиешілер, ата-аналарға және балаларға  өз ұсыныстарын айтып, балабақшаға келетін және келмейтің балаларға қолдау көрсетіп, әрбір балаға физикалық, интеллектуалдық және әлеуметтік-эмоционалды даму жағынан қолайлы ортаны қамтамасыз етуге жағдайлары жасалатының, ойын оқу әдістерін колдана отырып, балаларға қолайлы жағдай жасалатың айту.    

 

Жалпы балабақшада 29 педагог жұмыс атқарды:

- меңгеруші;

- 2 әдіскер;

- 1 психолог

- 1 музыка жетекшісі;

- 1 дене шынықтыру нұсқаушысы;

- 19 тәрбиеші;

    - 4 бағыт бойынша маман.

 

Оқу жылы

Педагог саны

Педагог-модератор

Педагог-сарапшы

Педагог-зерттеуші

Педагог-

шебер

I санат

 

1

2023-2024

30

10

1

1

0

6

 

Балабақшада 17 бала – инклюзивті  білімі  бар, түзету топтары, жоқ. Инклюзивті білім беру балалармен арнайы педагог-психологтар, логопед -дефектологтар жұмыс жасайды.

 Балабақша бүлдіршіндері 2023-2024 оқу жылы ішінде қалалық, республикалық,  халықаралық  өткізілген байқауларға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, Астана қаласында қазан айында өткен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты  жастарды анықтау  және қолдау орталығы, мектеп жасына  дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауының патриоттық әндер байқауы «Вокалдық топ»  номинациясы бойынша жүлдегерлері «Өнер» тобының тәрбиеленушілері Олжабай Әбілмансұр, Утеулиев Алимжан, Күдері Айсултан, Дүйсенбек Ернұр, Каримов Ерасыл,  ІІІ дәріжелі Дипломымен марапатқа ие болды және «Хореография» номинациясымен «Жибек жолы», «Зәм-зәм» тобының тәрбиеленушілер ІІ-дәріжелі дипломдарына ие болды. Шымкент қаласында өткен қараша айында онлайн әлекметтіқ желіде дауыс алып «Шабыт» шығармашылық орталығының ұйымдастырумен балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау мақсатында республикалық «Алтың қүз» вокал номинациясы бойынша қатысып «Сарыарка» тобының Беғалы Бекжан  І-дәріжелі Дипломына ие болды. Халықаралық онлайн конкурска «Зимушка-зима»  сурет салудан «Жибек жолы» тобының  5 баласы қатысып І-ІІ дәріжелі марапаттарына ие болды. «Бала шабыты» байқауларына  қатысып дипломдарымен марапатталды, Білімқұмар балаларға арналған Республиқалық «Үркер» зияткерлік марафонына 4- ересек  пен 5-мектепалды топтары қатысып І-ІІ-ІІІ дәріжелі дипломдарына ие болды, Елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған қалалық «Ертегілер елінде» байқауында мектепалды «Өнер» тобының тәрбиенушілері И.Алтынсаринның «Бала айласы» атты музықалық-әдеби ертегісінең Гран-при жулдесіне ие болды, «АSTANA STARS» Республиқалық  шабыт фестивальде «Алпамыс» тобы балалары музыкалық оркестрмен  Гран-При иеленді, «Өнер» мектепалды тобы хореография номинациясыясында Гран-При номинациясына ие болды.

2023 жылы қыркүйектің 25 күні «Әдістемелік орталықтың» ұйымдастыруымен балабақшамызда "Өнегелі ата- ана, өрелі ұрпақ" тақырыбында керемет  рухани-танымдық кездесу өтті. Осы іс- шараға қатысып отырған «Әдістемеліқ орталықтын» әдіскерлері мен және келген  спикерлерімізге  Қабиден Қуанышбайұлы ақын, журналист. Астана қаласы  мұражайлар дирекциясының кызметкері, «Шабыт» халықаралық конкурстың дипломанты  және  Шәкен Тұрар Сәттарқызы «Қара шанырақ»  ҚБ директоры, тарихшы-этнолог, ҚР журналистер одағының мүшесі. Балабақшамыздың ата-аналарына  үлкен алғысымызды білдіреміз. Осы іс-шараның мақсаты - отбасындағы ұлттық тәрбиенің қажеттігін насихаттау, ұлт құндылықтарын сақтау, өнегелі салт -дәстурі мен әдеп- ғұрпы, дәстурлі өнермен ұлттық құндылықтар тұралы білімдерің  терендету, мән-мағынасың ұғындыру,қолдау орталықтаың ашу тұралы. 2023 жылдың 17 қазанда  №66 «Толағай» балабақшасында «Өрлеу»

 БАҰО АҚ – Астана ұйымдастыру барысында - серіктес балабақшалармен

бірігіп  педагогтердің қәсіби денгейінде тәжірибе алмасу және шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне «Балабақшада білім беру мен тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырды. Семинар барысында педагогтер қазіргі заманғы теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту процесің тұтастығын қамтамасыз ету міндеттерің бірі қандай нормативтік құжаттан ұсынылғанын анықтап, кәсіби деңгейде тәжирибелерімен алмасып және шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Өткізу жоспар барысында – семинарда балабақша әдіскері  Сагитова С.К. арт-терапия маманы Е.Исаев  және тәрбиешілер  Таурбаева Э.Е., Рахметжанова Н.Т.  мастер класс – көрсеті.

2023 жылы қазаның 31 күні «Әдістемелік орталығы» психологиялық сүйемелдеу  көмек корсету бөлімінің ұйымдастыруымен балабақшамызда «Балалардың балабақшаға бейімделу кезенінде тәрбиеші, ата-ана және психологтың өзара әрекеті» тақырыбындағы семинар практикум өткізілді. Осы іс- шараға қатысып отырған «Әдістемеліқ орталықтын»  басшының орынбасары Д.Байтасов психология сүйемелдеу бөлімнің  әдіскері  А.Исабекова  және қала бойынша жас педагог-психолагтарға жұмыс жүргізілді. Кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагог тәрбиешілер саны -12: Ерте дамыту институтынан және «Өрлеу» БАҰО АҚ 72 академиялық сағат көлемінде курстан өтті.«Мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған кәсіби қайта даярлау» курсын – 2 педагог 108 академиялық сағат өткендерін растады.

Германия мемлекетінде өткен халықаралық семинарға қатысып балабақша менгерушісі А.Кусаинова, Сертификат «Дошкольное образования в Германии» қатысып келді, 2024 жылы ақпан мен маусым аралығында әдістемеліқ орталығы мен Білім беру бұйырына №15-7-12-04-246 сәйкес  Балабақша базасында «Өрлеу» БАҰО АҚ қала бойынша балабақша тәрбиешілеріне арналған 4 курс өткізілді, 3курс балабақшамыздын арт-педагог мамандары оқытушы(тренер) ретінде тындаушыларға курстар оқыды - инновация әдіскері Молдабекова Г.А., изо терапия маманы Исаев Е.Б., құм терапия маманы Бахишева К.К, «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік кұзыреттілігін дамытудағы арт- педагогикалық технологиялар»,  логопед-дефектологы Дуйсенбаева Ж.Б, «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру».    Астана қаласы Әдістемелік орталығы, «Ертегілер елінде» қалалық байқауы, Асылбекова Гульнара Кариполлиновна 2024ж, 2023-2024 оқу жылында тәрбиеші педагог  Нуранова Жулдыз Амырханқызы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауына қатысып, 96 балл нәтіже көрсетіп жүлделі иеленді. Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжда өткен ХVII қалалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысып өз ұлесін балабақшалар арасында «Профессор сабағына»  қатысып  балабақшамыздың инновация әдіскері Г. Молдабекова қатысып қорытынды Ұздіқ марапаттақа ие болды. «Дені саудың жаны сау» атты эстафеталық сайыста -ІІ орын Сарыарка ауданы бойынша,

Оқу жылы барысында тәрбиешілер балалармен тәрбие-білім беру жұмысының жоспары бойынша мерекелер мен ойын-сауықтар өткізді. Атап айтсақ,  Білім күніне «Білімді ел-мәңгілік ел» тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, ертенгіліктер, «Ана тілім-ардағым» тіл апталығы, «Қызыл сары, Алтын күз!» ойын-сауығы, Тәуелсіздік күніне ортаңғы, ересек топтарда тағылым сағаттары, мектепалды топтарында «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты ертеңгіліктер, Ересек топтар арасында «Көк тудың желбірегені»  спортттық сайыс (Құндылықтар: Ұлттық ойындар күні «Асық, Бес тас, Ханталапай т.б) спорттық байқаулары ата-аналармен бірігіп  өткізілді.  Жаңа жыл мерекесіне «Жаңа жылдың қызықтары» Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік – ел тұғыры!» атты патриоттық челлендж  жариялайды.  Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық сезімдерін   қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін іске асыруға ықпал ету. #Тәуелсізелтұғыры#, #Tauelsizeltugyry# @modernastana ,  @bilimastana хештегін міндетті түрде белгіленді. «Қазақстан ұлы дала елі»  Музейге экскурсиялық саяхат мектепалды «Қаражорға» тобы  «Бір отбасы -бір кітап» ата-анармен жұмыстар іс-шаралар, кенестер, өзара тәрбиешілермен қарым-қатынаста тренинг жұмыстары жүргізіледі. Ата-аналарды  мектепке дейінгі ұйымдағы арт-терапияны қолданудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру мақсатында арт-терапия мамандарының жоспары бойынша 22-қарашада ата-аналарға «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы арт-терапия» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. 2024жылы 29 наурызда ата-аналарға арналған жоспар бойынша ашық есік күні өтті. Оқу жылы барысында тәрбиешілер балалармен тәрбие-білім беру жұмысының жоспары бойынша мерекелер мен ойын-сауықтар өткізді. Атап айтсақ,  Білім күніне «Білімді ел-мәңгілік ел» тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, ертенгіліктер, «Ана тілім-ардағым» тіл апталығы, «Қызыл сары, Алтын күз!» ойын-сауығы, Тәуелсіздік күніне ортаңғы, ересек топтарда тағылым сағаттары, мектепалды топтарында «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты ертеңгіліктер, Ересек топтар арасында «Көк тудың желбірегені»  спортттық сайыс (Құндылықтар: Ұлттық ойындар күні «Асық, Бес тас, Ханталапай т.б) спорттық байқаулары ата-аналармен бірігіп  өткізілді.  Жаңа жыл мерекесіне «Жаңа жылдың қызықтары» Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік – ел тұғыры!» атты патриоттық челлендж  жариялайды.  Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық сезімдерін   қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін іске асыруға ықпал ету. #Тәуелсізелтұғыры#, #Tauelsizeltugyry# @modernastana ,  @bilimastana хештегін міндетті түрде белгіленді. «Қазақстан ұлы дала елі»  Музейге экскурсиялық саяхат мектепалды «Қаражорға» тобы  «Бір отбасы -бір кітап» ата-анармен жұмыстар іс-шаралар, кенестер, өзара тәрбиешілермен қарым-қатынаста тренинг жұмыстары жүргізіледі.  Әдістемелік орталығының қөптеген конкурстарына қатысысып педагогтеріміз көптеген сертификаттары мен диплондарына иеленді, «Астана Дарыны» қөры мен Балалар ерте дамыты институты мен   ұйымдастырылған  көптеген іс-шараларға қатысып жүлделерге ие болып бүлдіршіндеріміз  «Әжем, анам және мен» атты республикалық байқауының қалалық кезеңі Ибрагим Маржан ІІІ дәрежелі диплом, «Ертегі елінде» гран-при мектепалды «Өнер» тобы, «Көркем сөз» шебері гран при Каримов Ерасыл, «Брейн-ринг» Жолда Жүру Ережесі  қалалық сайысы  – бойынша гран-при мектепалды топ балалары,

 І-орын диплом «Мың бала» республикалық зияткерлек орталығының ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының ақпан-наурыз айларындағы «Мақатаева оқулары» конкурсында иеленгені Есенгульды Айзада, «Қара жорға тобы», «BaLa Fest» республикалық фестивальдар жүлделі орындар, «Әжем, анам және мен» республикалық байқау қалалық кезен -ІІІорын, «Бала шабыт» -потриотты әндер -жүлделі орындар, XVII - «Жулдызды Жол» интелектуалды олимпиада аудандық, қалалық кезен -ІІІ-орындар, «Алақай жаз келді» - конкурстары – ІІ- ересек «Ерке сылкым» ортанғы «Шашу» ІІІ орындар, «Қазына» фестивальді қозғалыс Халықаралық би конкурсы «Сеньорита» биі, «Хорезм» биі, 30.03.2024ж, Международный многожанровый конкурс «Gulnar Fest», 08.04.2023ж, Республикалық Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Еркесылқым ересек тобы тәрбиеленушілері ІІ дәрежелі диплом, Халықаралық «Бала шабыты» халықаралық конкурс жобасы, 18.05.2024ж «Еркетай» вокалды-аспаптық ансамблі Гран-при және 1орын,   коптеген мерекеліқ челлендждерге қатысып алғыс хат пен марапатталу. «Қазақстан ұлы дала елі» - Музейге экскурсиялық саяхат мектепалды «Қаражорға» тобы. «Бір отбасы -бір кітап» ата-анармен жұмыстар іс-шаралар, кенестер, өзара тәрбиешілермен қарым-қатынаста тренинг жұмыстары жүргізіледі.  

Қорытынды: педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырудағы, жинақтаудағы және әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатысудағы белсенділігі МДҰ жұмыстың белсенді түрлерін енгізу және материалдық ынталандыру жүйесінің тиімді дамығандығын көрсетеді. Балабақшада балалардың конкурстарға, фестивальдарға, жарыстарға жүйелі қатысуы үшін жағдайлар жасалады, бұл олардың өзін-өзі бағалауын арттырады, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі және балалардың сәтті әлеуметтенуіне ықпал етеді

 Астана  қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК Жарғысы Астана қаласы әкімдігінің №107-226 қаулысымен 2020 жылғы қантардың 29-да бекітілген. Техникалық паспорт: 2 қабатты кірпіштен қаланған типтік ғимарат. Мекеме 1973 ж. тұрғызылған, аумағы 2347,40 ш.м. Ғимаратта заманауи құрал жабдықтармен қамтылған

13 топ, музыка және спорт залы, 4 блоктан тұратын медициналық жұмыс бөлмесі бар: медициналық кабинет, ем жүргізу бөлмесі, оқшалау бөлме, дәретхана. Штаттық кесте бойынша 1,5-медбике,0,5- диетбике жұмыс атқарады. «Астана қаласы Денсаулық сақтау департаменті» ММ-імен медициналық қызметпен айналысуға берілген мемлекеттік лицензияның сериясы № 17010784, берілген күні 14.06.2017 жыл. Лицензия қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес медициналық қызметпен айналысуға берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМА

 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың контингентіне сәйкес арнайы жағдайлардың болуы (бұдан әрі – ЕББҚ) туралы

 

Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК-да әртүрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға келесідей жағдайлар жасалған:

- кіреберісте сырғанамайтын түкті жабынмен, ыңғайлы көтеріліп-түсу үшін, ыңғайлы тұтқалармен, еркін жобалау үшін ТҮСІРУ/КӨТЕРУ навигациясы бар пандус құрастырылған;

- - пандусқа көтерілу үшін персоналды шақыруға арналған сымсыз жүйе түймесі және ғимаратқа арнайы кіреберістердің бедерлі-нүктелі жапсырмалары бар;

- қабырғада, созылған қолдың бос тұсында қазақ және орыс тілдерінде Брайль белгілері мен бедерлері бар үй-жайға МЕМСТ бойынша КІРУ тактильді пиктограмма бекітілген;

- ғимараттың кіреберісінің алдындағы баспалдақ жоғары және төмен қарай жүрістер алдында суыққа төзімді рельефті жапсырма резеңкемен жабдықталған;

- Шыны есіктерге (абайлап кедергі), есіктердің ойықтарына сары жапсырмалар;

- МЕМСТ бойынша тактильді пиктограммалар;

- барлық санаттағы мүгедектер үшін қолжетімділік белгісі;

- мылқауларға арналған ақпараттық таблолар;

- тамбурда зағиптарға арналған қозғалыстың едендік бағыттаушы бедерлі жолы бар;

- дәретхана бөлмесі бедерлі-нүктелі жапсырмалармен, балдақтарға арналған ілмектермен, унитаз жанындағы тірек тұтқаларымен жабдықталған.

"Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығының 2 бөлімі 5 тармағы 6) тармақшасына (6) кедергісіз орта құру және білім алушылардың білім беру ұйымына физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін оқу орнын бейімдеу: 1) қозғалысы шектелген (мектепке тасымалдау, пандустар, қоршаулар, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған кабинет) орын (үстел, орындық), жалпы аумақтар (дәретхана, асхана), 2) көру қабілеті нашар (соқырлар, нашар көретіндер): тактильді жолдар, тактильді индикаторлар, қоршаулар, 3) есту қабілеті нашар (көру) үстелдер, дыбыс күшейтетін жабдық). Оқу орнын бейімдеу оқу ортасын оқушының жеке ерекшеліктеріне (дене ерекшеліктері (есту, көру): мінез-құлық ерекшеліктері) бейімдеуді көздейді;) сәйкес арнайы жағдайлар жасалған.

Балабақшада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды анықтап, оларға жағдай жасау мақсатында 2022 жылы 16 қыркүйек айында «Педагогика-психологиялық консилиум құру туралы» Ішкі бұйрық шығарылып, консилиум өткізу үшін комиссия мүшелері тағайындалды. Әр топтан ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып, ата-анасымен келісе отырып, анықталған балалар Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталықтарына жіберілді.

ПМПК қорытындысын әкелген балалардың құжаттары тіркеліп, Астана қаласы Білім басқармасына ерекше білім беруді қажет ететін балалар тізімі, диагноздері, ПМПК қорытындыларының көшірмелері қоса беріліп, қызметтік хат жолданды. Қызметтік хат бойынша жолданған балалар саны – 6.Қызметтік хат қарастырылғаннан кейін,  «Астана қаласы Білім басқармасы» ММ 2022 жылғы 29 желтоқсанындағы №1109 бұйрығына  сәйкес балабақшамызда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беретін  топтар ашылды. Осыған сәйкес штат кестесі бойынша педагог-психолог – 0,5 бірлігі, логопед – 0,5 бірлігі, дефектолог -0,5 бірліктері қосылып, топ тәрбиешілеріне ерекше білім беруді қажет ететін балалрмен жұмыс жасағаны үшін БДО-дан 40% қосымша ақы төленетін болды.

Педагогика-психологиялық консилиумның тағы да ерекше білімді қажет ететін балаларды анықтауына байланысты «Астана қаласы Білім басқармасы» ММ 2023 жылдың 11 сәуіріндегі  «Мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды инклюзивті топтарға енгізу туралы» №743 бұйрығына сәйкес   инклюзивті білім беретін топтарға  9 тәрбиеленушіден қосылды. Тиісінше штаттық кестеге логопед – 0,75 бірлік, дефектолог – 0,75 бірліктері  қосылды.

2023 жылы 29 желтоқсанда Астана қаласы Білім басқармасы» ММ  «Мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды инклюзивті топтарға енгізу туралы» №2632  бұйрығына сәйкес инклюзивті білім беретін топтарға тағы 2 тәрбиеленуші қосылды. Сонымен 2023-2024 оқу жылында барлық ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 17 тәрбиеленуші болды. 

2023-2024 оқу жылында педагогтердің инклюзивті білім беруді игерулері қарқынды жүрді. Инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі 76 %-ы құрады.