Астана қаласының әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы
№45 «Самұрық» балабақшасы МКҚК
2024 жылы 14 сәуірінде Астана қаласында Казмедия орталығы «QAZAQCONCERT» мемлекеттік залында Республикалық қосымша білім беру мекемелері мен жеке студиялары арасында өткізілген көп жанрлы балалар шығармашылығына арналған «BALA FEST» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Бұл фестивальге балабақшамыздан өнерлі бүлдіршіндер қатысып, бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
Балабақшамыздан өз шеберліктерін, өнерлерін мектепалды даярлық «Өнер», «Кәусар» топтары (тәрбиешілері Дуйсенбаева Сауле Жанабиловна, Рахметова Кульзада Онайбековна), ересек «Сарыарқа», «Алпамыс», «Көңілашар», «Еркесылқым» топтары (тәрбиешілері Бахишева Кундыз Кармысовна, Таурбаева Гулзат Еслановна, Калдыбекова Сауле Ускенбаевна, Рахметжанова Назгуль Табысовна, Екайбаева Асем Шойынбаевна); жаңадан жарқырап шыққан кіші «Гәкку», «Илигай» топ жұлдыздары (тәрбиешілері Сагынбекова Жанар Жанбыршиевна, Кулжабаева Ляззат Амалбековна) көрсетті.
Балабақша қоржыны 5 - ГРАН-ПРИ бас жүлде, 2 – І-ші, 2 – 2ші орындармен толықтырылды.
Республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне тәрбиеленушілерді дайындап, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген балабақша әдіскері Сагитова Салтанат Кузайфаевнаға, музыка жетекшілері Асылбекова Гульнара Карриполлиновна мен Жалатбек Нұрлыбек Сабитұлына, хореограф Бекетаева Эльмира Куандыковнаға және балабақша ата-аналарына алғыс білдіреміз!!! Сіздерге шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!!!!
Бүлшіндеріміз әрдайым биіктерден көрініп, өнерлері өрге жүзе беретініне сеніміміз мол!!!
«ИЛИГАЙ» тобы

Кіші «Гәкку» тобы

ересек « Көңіл ашар» тобы

ересек «Ерке сылқым» тобы

мектепалды даярлық «Өнер» тобы

ересек «Алпамыс» тобы


ересек «Сарыарқа» тобы

Ы.Алтынсарин «Бала айласы» ертегісі


мектепалды «Кәусар» тобы


Aстана қаласы ,,Арт-терапия басым бағыттағы №45«Самұрық» балабақшасы 2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша: әдістемелік нұсқаулыққа сүйене отырып жұмысын бастады. Жылдық жоспарға сай айлық жұмыстар іріктелініп алынып, ай сайын бекітіліп отырады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестер жоспар бойынша уақытылы өткізіледі.Балабақшада 13 қазақ топ жұмыс жасайды. Барлық топтарда ұйымдастырылған іс-әрекет кестелері құрылды. Перспективалық жоспары, циклограммалары оқу үлгілік бағдарламасы бойынша, талапқа сай жазылған. Балабақша ,,Арт-терапия басым бағытында" жұмыс істейтін болғандықтан топ іштері заттық дамытушы орталарға бөлінген. Топ ішіндегі жиһаздар санитарлық талаптарға сай. Бала жасына қолайлы. Балабақша іші есіктен кіре әдемі безендірілген, көз тартарлық. Балабақшада барлық қабырғалары қолданыста екендігі бірден көрінеді, сондай-ақ балаларды тиімді оқытуға үлкен септігін тигізеді.
Балабақшада топтардан бөлек қосымша кабинеттер жұмыс жасайды.
1.Робототехника
2.Мультустудия
3.Логика
4. Логопед-дефектолог бөлмесі
Топтарда Қазақ Ұлттық құндылық бұрыштары бар
Ата-аналар қолдау орталығы бар.
Кабинет іштері жарық, таза, әдемі безендірілген және балалар жасына сәйкес құрылған.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталығы жұмыс жасап тұр.
«Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК музыка жетекшісі Асылбекова Гульнара Кариполлиновна 33 жылдық тәжірибесі бар педагог –зерттеуші. Ол-музыканы оқыту процесінде эстетикалық тәрбие беру арқылы әрбір баланың музыка өнеріне деген құштарлығын қалыптастырып, эстетикалық талғамын қанағаттандыруға, музыка жөніндегі түсінігін кеңейтуге, балаларды жан-жақты тәрбиелеуге өз үлесін қосып келе жатқан білгір де білікті ұстаз. Асылбекова Г.К. мамыр айында өткен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алып, республикаға жолдама алды. Г.К.Асылбекованың 2023 жылы «Ертегілер еліне саяхат» Авторлық сахналық ертегілер жинағы жарық көрді.














