Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
Cабақтастық

2026 жылы қаңтардың 23 күні балабақшамызда  Педагогикалық "SABAQTASTYQ" жобасы аясында өткізілетін 22 -23 қаңтар айының айлық жоспары бойынша "Баланың мектепке бейімдеу" атты тақырыпта, №60 мектеп педагогтерімен, бастауыш сынып мұғалімдерін таныстыру мақсатында семинар  практикум өткізілді. 
1. Дөңгелек үстел  ұйымдастырылды,  ата-аналармен пікірталас сұрақ-жауап - балабақша мен мектеп педагогтеріне ортақ кеңес берілді.
2.«Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасы, балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Бұл кезеңде мұғалімдер мен тәрбиешілер балаларды мектепке дайындауға қатысты тәжірибелерімен бөліседі. Мұғалімдер 2025-2026 оқу жылының 1-сыныбын қабылдайтын ұстаздар ретінде болашақ 1-сынып оқушыларымен танысып, олардың мектепке бейімделу процесіне қатысып маңызды ақпарат алды.
3. «Adaptation Days» жобасы – балаларға мектеп өміріне сәтті бейімделуіне көмектесетін қолайлы орта құруға бағытталған. Бұл шараның мақсаты – балаларды мектепке бейімдеу үшін жайлы атмосфера қалыптастыру. Сәуір мен мамыр айларында, балалар мектептің ішкі құрылымы мен мұғалімдермен танысура экскурсияға баруға жоспарда. Бұл шара балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайтып, балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетуге бағытталған.