15.01.2026 ж. «Арт терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасында МКҚК мектепалды топ тәрбиешілерінің ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттері» атты қалалық семинар ұйымдастырылды. Балабақша психолог, логопед, дефектолог, тәрбиеші педагогтар өз іс тәжірибесімен, инновациялық әдіс-тәсілдермен бөлісті: педагог - психолог Ж. Оразалы келген педагогтермен психологиялық «Бес саусақ - бес факт» атты тренингін өткізді. Мектепалды топ тәрбиеші- педагогі Г. Ш. Габдуалиева «Қар – табиғаттың сыйы» мақсатында Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, Қардың қасиеттері туралы түсінігін кеңейту, тәжірибе арқылы ойлау қабілетін дамыту және балалармен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жасанды интеллект арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындалды. Проекциялық экранда ойын түрінде таныстырылатын мәліметтер балалардың зор ықыласын аударады.
Сондай-ақ, семинар барысында ашық оқу іс-әрекетімен қоса шебер сыныптар өткізілді және топтардың заттық дамытушы ортасымен таныстырылды.
https://samyrik45.edu.kz/yzmetkerlerdi-biliktilikterin-arttyru/292-otchety-tsmo-2.html#sigFreeId27869086c6










