Қайырлы күн! 15.01.2026 ж. «Арт терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасында МКҚК «Инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жұмысы аясында мектепке дейінгі логопед, дефектолог арнайы педагогтерінің ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттері» атты қалалық семинар ұйымдастырылды. Балабақшада психолог, логопед, дефектолог, тәрбиеші педагогтар өз іс тәжірибесімен, келесі инновациялық әдіс-тәсілдермен бөлісті: педагог - психолог Ж. Оразалы келген педагогтермен психологиялық «Бес саусақ-бес факт» атты тренингін өткізді. Логопед - дефектолог Қ. Ахметқалиева өз ҮІӘ жұмысымен таныстырды. «Адаптивтік дене шынықтыруды қолдана отырып,баланың сөйлеуіне қатысты дағдыларды дамыту» білімін қалыптастыруға арналған көрнекі материалдар қолданды. «Пирамида Шелленберг» арқылы:
- Жалпы және ұсақ моторика дамиды;
- Тыныс алу жүйесі реттеледі;
- Артикуляциялық бұлшықеттер күшейеді;
- Кеңістікте бағдарлау қабілеті қалыптасады;
- Назар, есте сақтау және ойлау қабілеттері жақсарады.
Қимыл-қозғалыс жаттығулары кезінде бала жаңа сөздерді меңгеріп, нұсқауларды тыңдап, орындауға үйренеді. Бұл өз кезегінде пассивті және активті сөздік қордың дамуына ықпал етеді. Келесі логопед - дефектолог Ж.Дуйсенбаева ҮІӘ тақырыбында «Табиғат әлеміне саяхат» интерактивті еден арқылы Интерактивті видеоэппинг түрінің бірі «Интерактив» орталық балалар едендегі интерактивті ойындар ойнайды. Қозғалыстар, дыбыстар, мультипликация баланың назарын аударын, оның танымдық белсенділігін жетілдіреді. Проекциялық экранда ойын түрінде таныстырылатын мәліметтер балалардың зор ықыласын аударады. Сондай-ақ, семинар барысында ашық оқу іс-әрекетімен қоса шебер сыныптар өткізілді және топтардың заттық дамытушы ортасымен таныстырылды.
https://samyrik45.edu.kz/yzmetkerlerdi-biliktilikterin-arttyru/291-otchety-tsmo-1-2.html#sigFreeIdb1881aeb17










