ГККП «Ясли сад №45 «Самұрық» с приоритетным направлением арт-терапии» акимата города Астаны
0
Арт-терапия арқылы қарым – қатынас дағдыларын дамыту және мектеп жасына дейінгі балаларды сәтті әлеуметтендіру

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 29 сәуір күні №45 «Самұрық»  балабақшасында «Арт-терапия арқылы қарым – қатынас дағдыларын дамыту және мектеп жасына дейінгі балаларды сәтті әлеуметтендіру» тақырыбында қалалық  семинар өтті.

Мақсаты:  балалардың үйлесімді дамып, жетілуіне  ықпал ете отырып, әлеуметтік ортаға бейімдеу, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.   

Семинарға қатысушылар – елордалық №5 «Ақбота», №6 «Көктем»,

№11 «Гауһар», №87 «Қадыр», №30 «Қайнар», №25 «Таңшолпан» және т.б.мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен педагогтері.

Семинар ерекше форматта балабақша ауласында ұйымдастырылды. Іс-шарада «Мен және менің тобым» тақырыбында балалардың ата-аналарымен жасаған қол өнер көрмесімен таныстырып, ән шашуларымен ашылды.

Мектепалды даярлық «Алпамыс» тобының тәрбиешісі Эльмира Таурбаева «Менің әдемі әлемім» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.

Мектепалды даярлық «Сарыарқа» тобында Ләззат Кулжабаева,   «Төрт ханшайым»  атты ұйымдастырылған оқу қызметін интеллектуалды ойын түрінде табиғат аясында көрсетті.

Мектепалды даярлық «Ерке сылқым» тобымен  бейнелеу терапиясы маманы Ерлан Исаев «Сиқырлы бояулар» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында В.Воскобович технологиясы элементтерін, ТРИЗ технологиясы элементтерін, сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында «Блум текшесі» әдісін, «Геоконт», «Бизиборд» ойындарын, кинезиологиялық жолдарды  пайдаланды.

Бүгінгі семинарда қатысушылар музыка терапиясы, сазбалшық терапиясы, дене бағыт және би-қозғалыс терапиялары бойынша ұйымдастырылған шебер-сыныптарға қатысып, арт-терапия әдістерін пайдалану және оларды практикада қолдану тәжірибесімен танысты.

Семинар «Сиқырлы сазбалшық»,  «Арт-терапия» жаттығуларын пайдалана  отырып, энергияны босату» шебер сыныптармен жалғасын тапты.

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.