Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
Арт терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасының ата-аналар жиналыс

Күн тәртібінде:

1. Балабақшаның жаңа жылдағы мемлекеттік қаржыландыру жағдайы

2. Оқу-тәрбие қызметі

3. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы

4. Балабақшаның санитарлық нормаларға сай жұмыс жасауы

Жиналыс барысы:

Жиналысты балабақша меңгерушісі К.Ш.Шампетова бастады. Бірінші мәселе бойынша меңгеруші ата-аналарды жаңа жылдағы балабақшаның мемлекеттік қаржыландыру жағдайымен және олардың бөлініп, қажетті қызметтерге жұмсалуын, атап айтқанда, коммунальды қызметтерге, келісім-шарттар мен педагогтардың еңбекақысына және тағы басқа қызметтерге бөлінуі жөнінде таныстырып өтті.

Екінші мәселе бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына» сәйкес оқу жылының басында «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысына сай бекітілген оқу жоспарымен жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы және жас ерекшеліктеріне байланысты апталық жүктеме сағат санымен таныстырылды.

Келесі мәселе балалардың қауіпсіздігі мен балабақшаның санитарлық нормаларға сай жұмыс жасайтыны жөнінде айтылды. Балалар қауіпсіздігі әр уақытта ескеріліп, жауапты тұлғалар үнемі қауіпсіздік шараларын қадағалап отырады. Балабақшадағы санитарлық нормалар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №615 және 611 бұйрығына сәйкес жүргізіледі және санитарлық нормаларға жауапты тұлғалар әрдайым бақылауда ұстап отыратындығы айтылды.

Ата-аналар сұрақтар қойып, меңгеруші толық жауап берді.

Жиналыс соңында Арт-терапия маманы Э. Бекетаева ата-аналар мен балаларына би-қозғалыс терапиясы бойынша тренинг өткізді. Біздің балабақшада мұндай тренингтер ата-аналармен жиі өткізіліп тұрады.

Тренингтен ата-аналар өте жақсы әсер алғандығын айтып, өз алғыстарын білдірді.

Өткізілген орны: Музыкалық зал, 17.30

Қатысушылар саны: барлық топтың ата-аналар комитеті мүшелері