«Арт – терапия басым бағыттағы №45“Самұрық» балабақшасында 2023 жылы 04сәуірде «Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем» атты сайысы өтті. Бұл сайысқа кіші, ортанғы топтарымыздың асыл жанды әжелеріміз қатысты. Қадірмендіде ардақты да әжелеріміздің өнеге, үлгілерін болашақ ұрпақтардың бойын сусындатып, ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан асыл қазынамыз салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, жаңдандыру мақсатында қадірменді де, сыйлы әжеміз қатысты. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Әжелеріміз өз өнерлерімен таныстырып, шеберліктерін көрсетіп бәрімізді тәнтетті.
Сайыс соңында әжелеріміз «Парасатты әже», «Өнерлі әже», «Шебер әже», «Дана әже», «Сымбатты әже», «Дара әже» номинациялары бойынша марапатталды.
Қайырымды қасиетті,
Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес, бал әжем.
Аман-есен жүріңізші,
Бар тілегім сол әжем — деп әжелерге балабақша меңгерушісі Алтынай Нурмагамбетовна алғысын білдірді.
https://samyrik45.edu.kz/novosti-kz/133-asyl-zhem-a-zhem-a-zhauly-ty-dana-zhem.html#sigFreeIdcf0ba6e7ad
















