Нұр-Сұлтан қаласы мектепке дейінгі ұйымдарының әдістемелік тақырыбы: «Баланы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Моделі негізінде жалпы дамыту тәсілдері»
«Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
Тақырыбы: «Арт-терапия арқылы балалардың шығармашылық және тілдік қабілеттерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру»
Мақсаты: Арт-терапия әдістерін қолдана отырып, балалар қиялын, шығармашылық қабілеттерін және сөздік қорларын, тілдері, ақыл-ой белсенділігін дамыту.
Міндеттері:
- Балаларға ойын технологияларын және тіл үйретудің тиімді әдістері мен тәсілдерін қолданып, үйлесімді сөйлеу және сөйлеу қарым қатынасын дамыту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру;
- Арт-терапия әдістері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін және креативті ойлауын дамыту;
- Педагогикалық үдерісте сауықтыру технологияларын пайдалану арқылы балалардың дене, психикалық денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етуді жалғастыру;
- Балабақша мен отбасы арасындағы сабақтастықты нығайта түсу.










