2025 жылы 5-6 мамыр күндері балабақшамызда, Ересек «Қаражорға» «Жибек жолы» «Өнер» топтарында, «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Жас ұландар-мақтанышы елімнің» 7- мамыр мерекесіне орай өткізілген спорттық іс-шара «Әкелер мектебінің» ұйымдастырған "Ұлттық ойындар" жарысына Әкелері мен балалар белсенді қатысып балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.
Отан қорғаушылардың мазмұнын әңгімелеп, осы еліміздің ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін, жыл сайын мерейлі мерекені бүкіл халық тойлап отыратынын, балаларды Отан қорғауға, батыл да ержүрек болуға үйрету, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қалыптастыру.
Балабақшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке тарихын мәдениетін салт-дәстүрін терең меңгеруге ана тілін қадірлеуге үйрету. Ұлттық құндылықтардың өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру. Өз ұлтына әдет – ғұрып, салт – дәстүрге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
https://samyrik45.edu.kz/is-sharalar/220-ltty-ojyndar.html#sigFreeId466ed02aad










