Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
2025 жылы 10 сәуір күні Балабақша ішіндегі мектепалды тобының тәрбиеленушілері арасында

2025 жылы  10 сәуір күні  Балабақша ішіндегі мектепалды тобының тәрбиеленушілері арасында,  балабақшамызда балалардың шығармашылық қабілетін дамыту,  ерекше балаларды шыңдап, туған  жерге деген патриотизмге тәрбиелеу мақсатында  «Жұлдызды  жол» интеллектуалдық байқауы ұйымдастырылып  өткізілді.

    Байқауға  балабақшамызға арнайы шақырылып қонақтар  Әділқазылар алқасы   болып   №60  мектеп-лицейінің  кітапханашысы  Бащибекова Бактыкан Долдабековна - №51 «Алтын сандық» балабақшасының  әдіскері  Тоқбергенова Ардақ Сағындыққызы,  №55 «Қарақат» балабақшасының әдіскері   Динтаева     Алмагул  Ихласовна  келді.

Сайыс келесі кезеңдер бойынша өтеді:

  • Логикалық тапсырмалар (жұмбақтар, суреттерді сәйкестендіру);
  • Танымдық сұрақ-жауап (табиғат, жануарлар әлемі, қазақ халқының дәстүрлері туралы);
  • Шығармашылық тапсырма (қолөнер немесе сурет салу);
  • Қозғалысты ойын (зейінділік пен шапшаңдықты дамытуға арналған ойындар).

            «Жұлдызды жол»  интеллектуалдық байқауының жалпы қортындысы ең жоғары ұпай жинаған қатысушылары І, ІІ, ІІІ орындарға және номинацияларға берілді.

І орын – Насирдин Айя         ІІ орын – Дәулетпек Алдияр

                           ІІІ орын Даиров Алмаз

 «Алғыр бала» номинациясымен – Исалина Алима

«Тапқыр бала» номинациясымен – Ахметов Дінмұхаммед

«Білімді бала» номинациясымен – Айбекқызы Дәмина

«Зияткер бала» номинациясымен – Низамова Аиша

«Жұлдызды жол»  интеллектуалдық байқауының барлық иегерлері дипломмен марапатталды.

View the embedded image gallery online at:
https://samyrik45.edu.kz/is-sharalar/216-g.html#sigFreeId01817b1267