Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
Алғыс айту куні құтты болсын

АЛҒЫС АЙТУ КУНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

ҚҰРМЕТТІ АТА- АНАЛАР, ӘРІППТЕСТЕР!

Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні құтты болсын! Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас. Барша отандастарымызға, шынайы ниетпен алғыс білдіреміз!





1 - Наурыз " Алғыс айту" күнімен құттықтаймыз !!!

Құрметті балабақша ұжымы!

Балаларымызға мейірім мен жылулық сыйлап, әр күн сайын оларды жаңа білім мен игі дағдыларға үйретіп келе жатқан еңбектеріңізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында балаларымыз балабақшаға қуана келеді. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз!