Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
«Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасында

2024 жылының 17 желтоқсан қүні балабақша әдіскері С. Сагитова «Мектепке дейінгі білім беру педагогтері қауымдастығының жұмысы аясында, педагогтардың шеберліктерін арттыру тақырыбында «Балалардың ұлттық құндылықтары мен зияткерлік қабілеттерін дамыту” тақырыбында жоспарланған семинар - практикум өтті. Семинарға қатысушыларға алдымен осы тақырыптың теориялық және заманауи негізі жайлы мазмұнды да ықшам, тартымды түрде, балалардың ұлттық болмысын заман талабына сай тәрбиелеудің маңызы, баяндама ұсынылды.

 

 

(баяндамашы, әдіскер С.Сагитова ) Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің және қазіргі қоғамның қарқынды дамуы, мектеп жасына дейінгі өмір кезеңінің жеке тұлғаның қалыптасуы мен алатын орнының ерекше болуы тәрбиешінің кәсіби дайындығының деңгейне қойылатын талаптарды арттырып, оның педагогикалық қызметін ұдайы жетілдіруді қажет етеді.
Педагогикалық шеберлік – тәрбиеші еңбегінде, адамды оқыту, тәрбиелеу, дамыту өнерін үнемі жетілдіріп отыруда көрінетін педагогикалық іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейі. Осы жұмыстарды ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізудің әдістері семинарға қатысушылардың тікелей практикалық жұмыс орындау арқылы жүзеге асырылды. (қосымша фото, бейне материал ұсынылады)
Бейнелеу терапия маманы Исаев Ерлан Бауржанович «Шыныға ою өрнектер салу» тақырыбында қылқалам мен гуаш қолдану арқылы шыны бетінде шығармашылықты дамыту өнерін көрсетіп, жасанды интеллектің мүмкіндіктерін, балалардың суреттерінің диагностикасын жасау әдістерімен бөлісті.
Құм терапия маманы Бахишева Кундыз Кармысовна «Бесік – ұлттық мәдениет айнасы» тақырыбында балабақша тәрбиеленушілерімен бірге әдіс-тәсілдер көрсетіп өзінің біліктілігін айқындады

Би қозғалыс терапия маманы Бекетаева Эльмира Куандыковна «Қазақ биінің ұлттық қол қимылдары» тақырыбында балабақша тәрбиеленушілерімен бірге ойын түрінде қазақ биінің негізгі қол қимылдарын көрсетіп, қозғалыс белсенділігін арттыру әдісімен бөлісті.

 

 

Фототерапия маманы Мухаметалина Айгуль Нурслямовна «Ұлы дала рухы» тақырыбында заманауи және тиімді құралдар арқылы ұлттық құндылықты насихаттай отырып, адамның ішкі жан дүниесіне бойлай кіру әдістерін көрсете білді.

Семинар қонақтары Әдістемелік орталық әдіскері Боранбаева Майра Сәрсенхановна,  №69 «Еркемай» балабақша меңгерушісі Ахметова Марал Кулкеновна, №67 «Шұғыла» № 66 «Толағай»  №17 «Ер-төстік» өздерінің тебіреністері мен терапия барысында алған әсерлерін айтып,  жақсы пікіллерін білдіріп, сонымен қатар өз ұсыныстарын, ұлттық құндылықтар мен зияткерліқ қабілеттерді үйлестіре отырып, үрпаққа терең білім беріп, рухани бай, шығармашыл, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу әрбір қөғамның басты мақсаты болуы керек  дегенін білдірді.


https://www.instagram.com/reel/DD6EHMnCTQj/?igsh=OGFvZzJrZnpkNGtx