2024 жылы 6-10 желтоқсан аралығында балабақшамызда «Бір тұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Әжелер мектебі» жоспарына орай мәдени мұраларды түсіндіру мақсатында «Менің елім-Мәңгілік ел!» Әжелер клубының мүшелері және балабақша әдіскерлері, педагогтері арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Жан-жақты жетілген, бойында ұлттық құндылықтар, сана-сезімі қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы», - деп Әл Фараби айтқандай, алдымен балаларға үлгілі тәрбие бере отырып, заман талабына сай қалыптасуына ықпал ету қажет. Әрине, тәрбиенің алғашқы бастамасын бала отбасында алады, ал ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ болғандықтан, олардың арасындағы байланыс неғұрлым берік болған сайын тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты болады. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлігі болып табылатындықтан, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік балабақшамен бірдей болуы тиіс. Ата мен әженің тәрбиесін үлгі - өнегесін көріп, өскен бала қай кезде де рухани дүниесі бай, көргенді, көпшіл болып өседі. Мейірім мен адалдық та, үлкенге деген құрмет те ата мен әженің тәрбиесін көрген ұл мен қыздың бойынан табылады. Әже өнегесі – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі.
https://samyrik45.edu.kz/is-sharalar/195-art-terapiya-basym-ba-ytynda-y-45-sam-ry-balaba-shasy-mk-k.html#sigFreeId2d0a5e3199
Әже тәрбиесі арқылы бала жақсы мен жаманды ажыратып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеді. Әдетте әже тәрбиесін алған баланы жұрт «тәрбиелі бала», «көргенді бала» деп баға беріп жатады. Өйткені әженің мейірімі мен шапағатына бөлене отырып балада жағымды мінез-құлық қалыптасады, жалпы рухани тәрбие алады, сонымен қатар елгезек, үй шаруасына бейім, мейірімді, адал болып өседі. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, тәрбие беру әлеуетін күшейтуге бағытталуы қажет. Балабақша мен отбасы арасындағы педагогикалық өзара байланыстың табыстылығы көбіне тәрбиешінің өз қызметінде қаншалықты ата-аналардың қызығушылығын тудыратын және заманауи мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу-білім беру процесіне белсене қатысуға жағдай жасайтындай ата-аналармен жұмыс түрлерін қолдануына байланысты.
https://samyrik45.edu.kz/is-sharalar/195-art-terapiya-basym-ba-ytynda-y-45-sam-ry-balaba-shasy-mk-k.html#sigFreeId452566d6b8
Ұлт - болашағы тәрбиеде. Жай емес, сапалы, саналы, жан – жақты тәрбиеде. Біздің мақсатымыз – әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, балаларды өмірге ұйрету, қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу, туған жерін, елін, шаңырағын ардақтайтын тәрбиелі қыз, төзімді ана, қайратты жан болуға, әсіресе, бұрымды қыздарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Сондықтан немерелерімізге ақыл-кеңесімізбен, үлгілі өнерімізбен өнеге көрсете отырып, сұрақтарына жауап беріп, ата дәстүрді сақтау сынды асыл қасиеттерді бойларына сіңіруге барынша бірге тырысайық. Ұлтымды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле дейді дана халқымыз.

1. Сілтеме 1
2. Сілтеме 2
https://samyrik45.edu.kz/is-sharalar/195-art-terapiya-basym-ba-ytynda-y-45-sam-ry-balaba-shasy-mk-k.html#sigFreeId8db9910086










