Астана қаласы №45 Арт - терапия басым бағыттағы "Самұрық" балабақшасында, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, дене шынықтыру пән мұғалімдері Алмагамбетов Мирас Мусаулы мен Мукан Досхан Амантайулының ұйымдастыруымен "Әкем анам және мен" атты отбасылық спорт сайысы болып өтті. Сайысқа Сарыарқа, Алпамыс, Көңіл ашар және Еркесылқым топтарының бүлдіршіндері ата-аналарымен белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Сарыарқа тобының атынан шыққан "Жас қыран" командасы жүлделі орынға ие болса, Алпамыс тобының атынан шыққан "Алпамыс" командасы жүлделі орынға ие болды. Көңіл ашар тобының атынан шыққан "Тұлпар" командасы мен Еркесылқым тобының атынан шыққан "Сұңқар" командасы жүлделі орындарға ие болды.
"Әкем анам және мен" атты отбасылық спорт сайысы болып өтті










