Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
“SABAQTASTYQ”

“SABAQTASTYQ” жобасы аясында Астана қаласының № 60 мектеп-лицейіне «Арт -терапия басым бағытындағы №45, Самұрық ” балабақшасының мектепалды «Жібек жолы» «Зәм-зәм» топтарының тәрбиеленушілері “Балабақша мен мектеп” ашық есік күніне барды. Мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта білім берудің сабақтастығын жүзеге асыру мақсатында тәрбиеленушілер мектеп өмірімен танысып, асхана, мектеп спортзалы, мектеп кітапханасына саяхат жасады. Мектеп кітапханашысымен ертегі кітаптарды талдап, сұрақтарға жауап беріп, өлең айтып белсенділік танытты.

Болашақ 1-сынып оқушыларының мектеп табалдырығын аттаған қадамдары сәтті болуын және бүлдіршіндерге таудай талап, толағай табыс тілейміз!