Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК

2024 жылы 3 сәуір күні «Тұран-Астана» университетінің жоғары оқу орнымен әлеуметтік серіктестік аясында, Балабақша жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды оң әлеуметтендіру, педагог пен балалардың өзара әрекеттесу тактикасы жұмыстарының іс-тәжірибелерімен танысу, заманауи технологияларды қолдану бойынша Елорданың мектепке дейінгі ұйымдарымен танысу мақсатында, «ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘДЕНИЕТ АРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» атты өткен Халықаралық Ғылыми практикалық конферециясының қатысушылары: Ресей Федерациясы «Педагогика, психология және әлеуметтік мәселелер институты» және ФБГОУ «Чуваш мемлекеттік педагогикалық университеті» Педагогика ғылымдарының докторы, Мари мемлекеттік университетінің профессоры Петрова Татьяна Николаевна; Әл-Фараби университеті (Қырғызстан, Бішкек филиалы) Философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Чолпон Усупова; «Тұран-Астана» университетінің әлеуметтік, гуманитарлық және тіл пәндері кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Баубекова Замира Джураевна балабақшамызда қонақ болды.

 Келген әріптестер балабақша жұмысымен таныса отырып, тәрбиеші педагогтермен өз ұсыныстарымен бөлісті. Балалардың Ы.Алтынсаринің «Бала айласы» ертегі қойылымын және «Дала гүлдері» Әсем-саз аспаптар оркестрінің орындауын тамашалады. Сонымен қатар бірнеше топтарға кіріп балалардың ұйымдастырылған ойын іс әрекетін де көрді. Профессор Т.Н.Петрова өз сөзінде тәрбиеші педагогтердің жұмысының күрделі әрі жауапты екендігін және балалар өз эмоциялары мен көңіл-күйлерін еркін, анық жеткізе алатын бақылап, балалардың өнерін ерекше атап өтті.

 «Дала гүлдері»  Әсем-саз аспаптар оркестрінің орындауын тамашалау сәті , ересек «Алпамыс» тобының  бүлдіншіндері

Балалардың Ы.Алтынсаринің «Бала айласы» ертегі қойылымы

Мектепалды «Өнер» тобы балалары.