Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
"Арт - терапия басым бағыттағы №45 "Самұрық" балабақшасында "Салт -дәстүрді дәріптейік" Әжелер арасында сайыс ұйымдастырылды

Балабақша әжелері даналық пен шабытты шебер ұштастырып, Әз Наурыз мерекесі қарсаңында өздерін таныстырып, ән мен жырдан шашу шашып, бұрала билеп, өз жүректерінен шыққан өлең жолдарын оқыды. Әже өнегесі – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Осынау құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптеуге арналған сайысқа ақ жаулықты әжелер немерелерімен бірге қатысты. Ата - аналармен жұмыс,
Мақсаты: Балабақша мен ата - аналар арасында тығыз қарым - қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.