Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
«SABAQTASTYQ» бойынша жұмыстар

Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс пен шығармашылық ынтымақтастық орнату – балаларды жүйелі оқуға дайындау міндеттерін сәтті шешудің қажетті шарты. Осы шартты орындау мақсатында 2024 жылдың 6 наурыз күні №60 мектеп-лицейі мен Астана қаласы әкімдігінің «Арт – терапия басым бағыттағы № 45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК арасындағы «SABAQTASTYQ» бойынша жұмыстарымыздың бір қадамы ретінде балабақшамыздың ересек «Алпамыс» тобы тәрбиеленушілері 8 наурыз мерекесіне орай мектеп қабырғасында оқушыларды, педагогтерді және ата-аналарды музыкалық сәлемдемесімен құттықтады.