Іс-шара мақсаты: Балалардың балабақша жағдайына бейімделу кезеңінде кешені қолдауды ұйымдастыру. Баланы балабақшаға бейімдеу – бұл оны өмірдің жаңа жағдайларына, белгісіз кеңістікке, күн режиміне, тамақтану режиміне, сондай-ақ жаңа әлеуметтік ортаға және жаңа қатынастарға (тұлғааралық және ұжымдық) бейімдеу. Бейімделу баладан үлкен энергия шығындарын талап етеді, нәтижесінде баланың денесі шамадан тыс жүктеледі. Баланың балабақшаға бейімделуінде маңызды орынды отбасы алады, себебі ата-анасына тым бағынышты балалардың жаңа ортаға тез бейімделіп кетуі екіталай. Ата-ана зейін көрсетіп, қолдау жасауға, уақытында баладан алшақтай алуға, жайсыздықта керек сөзді тауып уатуға, қажет болғанда талап қойып, оны орындатуға, шыдамдылық танытып, байсалдылық көрсетуге дайын болғаны жөн. Сонымен қатар, баланың қалыпты өмірлік жағдайларының өзгергенін де мойындау керек, атап айтқанда: жақын жерде анасы мен әкесінің болмауы, күнделікті нақты тәртіпті сақтау, басқа балалармен өзара әрекеттесу қажет; белгілі бір балаға бөлінетін уақыт азаяды (тәрбиеші 25-30 баламен бір уақытта байланысады); бала жаңа талаптарға бағынуы мүмкін.













