Жазбаша түсініктеме
Алға қойған мақсат-міндеттер мдм-нің әдістемелік және оқу-тәрбие жұмыстары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік мәжілістер, кеңес берулер, тәжірибелік-семинарлар, конкурс-байқаулар, дөңгелек үстелдер, ашық оқу қызметтері, тақырыптық оқу қызметтері, тағылым сағаттары арқылы жүзеге асырылады. Жылдық міндеттемелерді шешумен байланысты мәселелер мә мдм ата-аналарының және педагогтарының қатысуымен шешіледі.
Жылдық жоспардағы басты міндет біріңғай білім беруді насихаттау үшін ата-аналармен жасалатын жұмыс болып табылады. Бұл жұмыстар топтық және жалпы ата-аналар жиналысы тақырыптық апталық, кеңес берулер, көрнекілік ақпараттар, мерекелік іс-шаралар, байқау-конкурстары және т.Б. Арқылы жүргізіледі. 2024-2025 оқу жылының жылдық тапсырмалардың орындалуын талдау
Материалдық-техникалық базасы
Астана қаласы әкімдігінің «арт терапия басым №45«самұрық» балабақшасы» мкқк материалдық-техникалық базасы педагогикалық талаптарына, қазіргі білім беру деңгейіне, санитарлық нормаларға сәйкес.
Балабақша орталық жылу және су жүйелеріне қосылған. Аймақ жөнделген және қоршалған, әрбір топтың жабдықталған өз алаңдары бар.
Балабақша жұмсақ және қатты құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Топтар жиһазбен, ойыншықтармен, оқу- әдістемелік құралдарымен жабдықталған. Медициналық кабинет, кір жуатын, ас бөлмелері қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Барлық топтарда 1.Физикалық қасиеттерді дамыту.
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады. Дене шынықтыру ата-аналардың
Балаларға ерте жастан күтім жасауы мен оларды дамыту дағдыларына ие болуына жәрдемдесу, тәрбиеленушілердің негізгі қимыл түрлерін меңгеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдылар, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру, дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту, әртүрлі ойындарды, оның ішінде ұлттық, қимылды ойындарды, командамен жарыс сипатындағы ойындарды өткізу, спорттық жаттығуларды орындау, спорттық ойындардың элементтерімен таныстыру, шығармашылық қабілеттер мен командамен бірге әрекет ету дағдыларын дамыту бойынша міндеттерді қамтиды.
2. Коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады. Коммуникативтік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің түрлі іс-әрекетінде қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, балалар көркем әдебиетімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеу, шығарманы бірге оқу мен айтып беру, талдау, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын байыту, тілдік нормаларды, қарым-қатынас мәдениетін меңгерту міндеттерін шешеді.
3. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту сенсорлық эталондар туралы түсініктерді, қарапайым математикалық ұғымдарды; құрастыру іс-әрекеті тәсілдерін меңгеру; креативті және сыни ойлауды дамыту; азаматтық және патриотизмге баулу, ұлттық мәдениетті құрметтеуді қарастырады.
4. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу ісәрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау бойынша міндеттерді қамтиды. Шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық қиялын, эмоционалды-сезімдік саласын, дүниетанымын, ойлауын, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалады.
5. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу;өмірдегі жағдайларды шешу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау, өз отбасының мүшесі екенін сезіну, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты қалыптастыру; тәрбиеленушінің адамгершілік қасиеттерін көрсетуге қабілеттілігі мен дайындығын дамыту бойынша міндеттерді қамтиды, моральдық нормалардың талаптарына жауап беретін іс-әрекеттерге; отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, заттар, жанды және жансыз табиғат құбылыстары жөнінде білімдерді кеңейту, креативтік ойлауды дамыту бойынша міндеттерді қамтиды. Мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда өз бетінше оқу дағдылары мен әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру өмірді қорғауға және денсаулықты нығайтуға, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктері мен дағдыларын: мәдени-гигиеналық біліктері мен дағдыларын, мінез-құлық қағидаларын дамытуға, оларды күн тәртібі мен режиміне тартуға, когнитивтік функцияларды дамытуға, отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда мейірімділік, көңіл бөлу, қамқорлық және өзара көмек атмосферасын құруға, балалар іс-әрекетінің әртүрлі түрлерінде тәрбие дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге, туған өлкеге, өз еліне, тарихына сүйіспеншілігін тәрбиелеуге бағытталған. Осы идеяларды, жүзеге асыру мақсатында балабақшада мемлекеттік рәміздер стенді, ұлттық білім беру бағытын қолға алу мақсатында балабақша дәліздерінде «мамандықтар», «отбасы», «төрт түлік», «қамшы өру», «шаш өру» тақырыбында этнопедагогикалық дидактикалық ойындар жасалды.
Дамытушы орта эстетикалық, санитарлық-гигиеналық, психология-педагогикалық, материалдық – техникалық комплекстеріне сәйкес. Топтарда балалардың өмірін қамтамасыз етуге жағдай жасалған: қимылды ойындарға атрибуттар, спорттық құралдар, дамытушы ойындар, қуыршақ театры мен сюжеттік-рөлдік ойындардың құрал-жабдықтары бар. Әрбір топта балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес пәндік –дамытушы ортасы құрылған.
Биылғы оқу жылында балабақша өз алдына бірқатар
Міндеттерді қойды:
- ұйымдастырылған іс-әрекетте және күнделікті өмірде ойын әрекеті арқылы баланың өзін тануға деген қызығушылығын арттыра отырып, өзін-өзі жетілдіруі мен физикалық, психиқалық, рухани, әлеуметтік, шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу, қабілеттерін ашу, адамгершілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
-ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
-мектепке дейінгі білім беру мекемесі тәрбиешісінің кәсіби құзіреттілігін дамыту
Топтардағы жұмыс негізгі жылдық міндеттерге сүйене отырып және
2024-2025 оқу жылына арналған мдұ-ның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. Балалармен жұмыс «мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасымен» және қр нормативтік-құқықтық құжаттары негізінде жасалған әдістемелік әзірлемелермен жүргізілді. Сонымен қатар, алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелерді ғылыми кеңесте қорғаудан өткен әдістемелік ұсынымдар пайдаланылды. 2024-2025 оқу жылында би қозғалыс терапиясы бойынша сабақтар 11 топта өткізілді: ортаңғы, ересек және мектепалды. Сабақта балалар музыкалық-қозғалу дағдылары мен би элементтерін меңгерді. Балалар балабақшада өткізілген барлық іс-шараларға, концерттер мен байқауларға белсене қатысты. Ата-аналар би қозғалыс терапиясының маңыздылығын балаларға не үшін керек екенін түсінді. Балалар балабақшада өткізілген барлық іс-шараларға, концерттер мен байқауларға белсене қатысты.«алтын күз» фестивалі, «жаңа жыл» ертеңгіліктер, 8 наурыз мерекесі, тәуелсіздік күні, 7 мамыр қорғау күні концерттеріне қатысты, халықаралық конкурстарға қатысып жүлдері орындарына игері болды. Қорытынды жұмыстың нәтежесі «қош бол, балабақша» ертенгілігімен аяқталды. «сиқырлы бояулар» театрландырылған қойылым. «марғау қалай дыбыстайды» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «елорданың еркетайы» өнер байқауының қатысып, «хореография» номинациясы бойынша ііі дәрежелі жүлдегері, «бала шабыты» байқауға қатысып: мектеп алды даярлық «өнер» тобы, «алпамыс» ересек тобы, 2 бас жүлде және і дәрежелі жүлдегері болды. «art- empaer 2024» халықаралық байқауға кіші «илигай» тобы «достық» биі, ересек «ерке сылқым» тобы «сырмақ» биі, ересек «алпамыс» тобы «биле,биле» биі, мектеп алды даярлық «кәусар» тобы «гүлдер» биі, «өнер» тобы «оюлы текемет» биімен қатысып і , іі дәрежелі және 3 бас жүлде иегері болып марапатталды. «бала шабыты» байқауға қатысып: ересек тобы «алпамыс», «шашу» ортаңғы тобы, і дәрежелі жүлдегері болды. Елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған қалалық «ертегілер елінде» байқауында мектепалды «өнер» тобының тәрбиенушілері и.Алтынсаринның «бала айласы» атты музықалық-әдеби ертегісінең гран-при жулдесіне ие болды. 2023 жылы қыркүйектің 25 күні «әдістемелік орталықтың» ұйымдастыруымен балабақшамызда "өнегелі ата- ана, өрелі ұрпақ" тақырыбында керемет рухани-танымдық кездесу өтті. Осы іс- шараға қатысып отырған «әдістемеліқ орталықтын» әдіскерлері мен және келген спикерлерімізге қабиден қуанышбайұлы ақын, журналист. Астана қаласы мұражайлар дирекциясының кызметкері, «шабыт» халықаралық конкурстың дипломанты және шәкен тұрар сәттарқызы «қара шанырақ» қб директоры, тарихшы-этнолог, қр журналистер одағының мүшесі. Балабақшамыздың ата-аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Осы іс-шараның мақсаты - отбасындағы ұлттық тәрбиенің қажеттігін насихаттау, ұлт құндылықтарын сақтау, өнегелі салт -дәстурі мен әдеп- ғұрпы, дәстурлі өнермен ұлттық құндылықтар тұралы білімдерің терендету, мән-мағынасың ұғындыру,қолдау орталықтаың ашу тұралы. 2023 жылдың 17 қазанда №66 «толағай» балабақшасында «өрлеу» баұо ақ – астана ұйымдастыру барысында - серіктес балабақшалармен бірігіп педагогтердің қәсіби денгейінде тәжірибе алмасу және шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне «балабақшада білім беру мен тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырды. Семинар барысында педагогтер қазіргі заманғы теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту процесің тұтастығын қамтамасыз ету міндеттерің бірі қандай нормативтік құжаттан ұсынылғанын анықтап, кәсіби деңгейде тәжирибелерімен алмасып және шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Өткізу жоспар барысында – семинарда балабақша әдіскері сагитова с.К. Арт-терапевт маманы е.Исаев және тәрбиешілер таурбаева э.Е., рахметжанова н.Т. Мастер класс – көрсеті.
2023 жылы қазаның 31 күні «әдістемелік орталығы» психологиялық сүйемелдеу көмек корсету бөлімінің ұйымдастыруымен балабақшамызда «балалардың балабақшаға бейімделу кезенінде тәрбиеші, ата-ана және психологтың өзара әрекеті» тақырыбындағы семинар практикум өткізілді. Осы іс- шараға қатысып отырған «әдістемеліқ орталықтын» басшының орынбасары д.Байтасов психология сүйемелдеу бөлімнің әдіскері а.
Исабекова және қала бойынша жас педагог-психолагтарға жұмыс жүргізілді. Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдағы арт-терапияны қолданудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру мақсатында арт-терапия мамандарының жоспары бойынша 22-қарашада ата-аналарға «мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы арт-терапия» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. Оқу жылы барысында тәрбиешілер балалармен тәрбие-білім беру жұмысының жоспары бойынша мерекелер мен ойын-сауықтар өткізді. Атап айтсақ, білім күніне «білімді ел-мәңгілік ел» тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, ертенгіліктер, «ана тілім-ардағым» тіл апталығы, «қызыл сары, алтын күз!» ойын-сауығы, тәуелсіздік күніне ортаңғы, ересек топтарда тағылым сағаттары, мектепалды топтарында «тәуелсіз елдің ұланымын» атты ертеңгіліктер, ересек топтар арасында «көк тудың желбірегені» спортттық сайыс (құндылықтар: ұлттық ойындар күні «асық, бес тас, ханталапай т.Б) спорттық байқаулары ата-аналармен бірігіп өткізілді. Жаңа жыл мерекесіне «жаңа жылдың қызықтары» астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қазақстан республикасының тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «тәуелсіздік – ел тұғыры!» атты патриоттық челлендж жариялайды. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік, азаматтық-патриоттық сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін іске асыруға ықпал ету. #тәуелсізелтұғыры#, #tauelsizeltugyry# @modernastana , @bilimastana хештегін міндетті түрде белгіленді. «қазақстан ұлы дала елі» музейге экскурсиялық саяхат мектепалды «қаражорға» тобы «бір отбасы -бір кітап» ата-анармен жұмыстар іс-шаралар, кенестер, өзара тәрбиешілермен қарым-қатынаста тренинг жұмыстары жүргізіледі. Барлық педагогтер кесте бойынша кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өткен, педагог тәрбиешілер саны -12: ерте дамыту институтынан және «өрлеу» баұо ақ 72 академиялық сағат көлемінде курстан өтті.«мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған кәсіби қайта даярлау» курсын – 2 педагог 108 академиялық сағат өткендерін растады. Германия мемлекетінде өткен халықаралық семинарға қатысып балабақша менгерушісі а.Кусаинова, сертификат «дошкольное образования в германии» қатысып келді, 2024 жылы ақпан мен маусым аралығында әдістемеліқ орталығы мен білім беру бұйырына №15-7-12-04-246 сәйкес балабақша базасында «өрлеу» баұо ақ қала бойынша балабақша тәрбиешілеріне арналған 4 курс өткізілді, 3курс балабақшамыздын арт-педагог мамандары оқытушы(тренер) ретінде тындаушыларға курстар оқыды - инновация әдіскері молдабекова г.А., изо терапия маманы исаев е.Б., құм терапия маманы бахишева к.К, «мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік кұзыреттілігін дамытудағы арт- педагогикалық технологиялар», логопед-дефектологы дуйсенбаева ж.Б, «мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру». Астана қаласы әдістемелік орталығы, «ертегілер елінде» қалалық байқауы, асылбекова гульнара кариполлиновна 2024ж, 2023-2024 оқу жылында тәрбиеші педагог нуранова жулдыз амырханқызы «мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауына қатысып,қалалық кезенінде 96 балл нәтіже көрсетіп жүлдеге иеленді. Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжда өткен хvii қалалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысып өз ұлесін балабақшалар арасында «профессор сабағына» қатысып балабақшамыздың инновация әдіскері г. Молдабекова қатысып қорытынды ұздіқ марапаттақа ие болды. «дені саудың жаны сау» атты эстафеталық сайыста -іі орын сарыарка ауданы бойынша, ие болды. «астана дарыны» қоры мен балалар ерте дамыты институты мен ұйымдастырылған көптеген іс-шараларға қатысып жүлделерге ие болып бүлдіршіндеріміз «әжем, анам және мен» атты республикалық байқауының қалалық кезеңі ибрагим маржан ііі дәрежелі диплом, «ертегі елінде» гран-при мектепалды «өнер» тобы, «көркем сөз» шебері гран при каримов ерасыл, «брейн-ринг» жолда жүру ережесі қалалық сайысы – бойынша гран-при мектепалды топ балалары, і-орын диплом «мың бала» республикалық зияткерлек орталығының ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының ақпан-наурыз айларындағы «мақатаева оқулары» конкурсында иеленгені есенгульды айзада, «қара жорға тобы», «bala fest» республикалық фестивальдар жүлделі орындар, «әжем, анам және мен» республикалық байқау қалалық кезен ііі-орын, «бала шабыт» -потриотты әндер -жүлделі орындар, xvii - «жулдызды жол» интелектуалды олимпиада аудандық, қалалық кезен -ііі-орындар, «алақай жаз келді» - конкурстары – іі- ересек «ерке сылкым» ортанғы «шашу» ііі орындар, «қазына» фестивальді қозғалыс халықаралық би конкурсы «сеньорита» биі, «хорезм» биі, 30.03.2024ж, «бір отбасы -бір кітап» ата-анармен жұмыстар іс-шаралар, кенестер, өзара тәрбиешілермен қарым-қатынаста тренинг жұмыстары жүргізіледі. Қорытынды: педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырудағы, жинақтаудағы және әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатысудағы белсенділігі мдұ жұмыстың белсенді түрлерін енгізу және материалдық ынталандыру жүйесінің тиімді дамығандығын көрсетеді. Балабақшада балалардың конкурстарға, фестивальдарға, жарыстарға жүйелі қатысуы үшін жағдайлар жасалады, бұл олардың өзін-өзі бағалауын арттырады, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі және балалардың сәтті әлеуметтенуіне ықпал етеді. Оқу жылының соңында тәрбиеленушілерден қорытынды диагностика нәтижесі қорытынды бағалау мониторингті жүргізу үшін аралық бақылау мониторингтің бағалау нәтижелерін басшылыққа ала отырып, дейін жұмыстанған екі айда жүргізген жеке жұмыстарының бағалау нәтижелері бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қорытынды бақылау мониторингі жүргізілді. Нәтижесінде төмен деңгейдегі балалардың үлесі-4%, орташа деңгейдегі балалардың үлесі-33%, жоғары деңгейдегі балалардың үлесі 63%-ды көрсетті. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келесі оқу жылында тәрбиеленушілермен жеке жұмысты күшейту қажеттігі анықталды. Мониторинг нәтижесі бойынша балалардың құзыреттіліктерінің даму динамикасының оңтайлы екендігі байқалады. Бұдан ұйымдастырылған оқу іс әрекеттері жеткілікті деңгейде жүргізілуде деген қорытынды жасауға болады. Биылғы жылы балабақшада балалардың даму құзыреттіліктерінің диагностикасы ғана емес, сонымен қатар балалардың мектепке дайындығына да талдау жасалған. Бітірушілер тобы бесеу. Талдау нәтижесі төмендегідей:
2024-2025 оқу жылындағы балалардың негізгі жалпы білім беру бағдарламасын меңгеру сапасының мониторингі келесі нәтижелерді көрсетті.










