Жан-жақты жетілген, бойында ұлттық құндылықтар, сана-сезімі қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы», - деп Әл Фараби айтқандай, алдымен балаларға үлгілі тәрбие бере отырып, заман талабына сай қалыптасуына ықпал ету қажет. Әрине, тәрбиенің алғашқы бастамасын бала отбасында алады, ал ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ болғандықтан, олардың арасындағы байланыс неғұрлым берік болған сайын тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты болады. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлігі болып табылатындықтан, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік балабақшамен бірдей болуы тиіс. Ата мен әженің тәрбиесін үлгі - өнегесін көріп, өскен бала қай кезде де рухани дүниесі бай, көргенді, көпшіл болып өседі. Мейірім мен адалдық та, үлкенге деген құрмет те ата мен әженің тәрбиесін көрген ұл мен қыздың бойынан табылады. Әже өнегесі – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі.
https://samyrik45.edu.kz/ata-analarmen-zh-mys/189-t-rbiesiz-berilgen-bilim-adamzatty-as-zhauy.html#sigFreeId2d1fa2fbe6










