Әже тәрбиесі арқылы бала жақсы мен жаманды ажыратып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеді. Әдетте әже тәрбиесін алған баланы жұрт «тәрбиелі бала», «көргенді бала» деп баға беріп жатады. Өйткені әженің мейірімі мен шапағатына бөлене отырып балада жағымды мінез-құлық қалыптасады, жалпы рухани тәрбие алады, сонымен қатар елгезек, үй шаруасына бейім, мейірімді, адал болып өседі. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері атааналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, тәрбие беру әлеуетін күшейтуге бағытталуы қажет. Балабақша мен отбасы арасындағы педагогикалық өзара байланыстың табыстылығы көбіне тәрбиешінің өз қызметінде қаншалықты ата-аналардың қызығушылығын тудыратын және заманауи мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу- білім беру процесіне белсене қатысуға жағдай жасайтындай ата - аналармен жұмыс түрлерін қолдануына байланысты.
https://samyrik45.edu.kz/ata-analarmen-zh-mys/188-zhe-t-rbiesi-ar-yly-bala-zha-sy-men-zhamandy-azhyratyp-lkenge-rmet-kishige-izet-k-rsetudi-jrenedi.html#sigFreeId29902aceba










